Сәуірбек Бақбергенов

  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    Ыза! Кәдімгі адамды алқымнан ап, әй шайға қарамай буындыра бастайтын ыза. Мұндай ыза өзіңнен әлдеқайда биік келіп, әй шайға қаратпай алқымнан ала түскенде мүлде жаман. Ол алғашқы кезде күні ап кетеді. Билеп алады. Мұның үстіне қулық-сұмдығы мүлде жоқ, әшейін халық арасынан шыққан аңқау, ақкөңіл адамға арыздың ызасы, әділетсіздік ызасы қатты тиеді. Өз ісінде адал адам қашанда аңқау, аңғал келеді. Ондай адам төтеннен киліккен соққыға әзір тұрмайды да, бірден құлап кетеді.
  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    Жалпы арызға, арыз біткеннің бәріне бірдей қарсы болуға болмайды. Оның ішінде жалпы іске, ел, қоғам, көп ісіне пайдасын тигізетіні болады. Ал өтірік арыз ше, жалақорлық арыз ше? Бұл іске зиян келтіреді, адамды бұзады, тіпті аздырады. Екіншіден кейбіреулер өзінің жеке басының қулық-сұмдығымен оны пайдаланады, ол біреуден ала алмай жүрген өшінен үміткер боп, өтірік арызды қалайды. Сөйтіп адал адамның бетіне күйе жағады, қорлайды, көк алады, ол өзінше рухани рахаттанады. Ал, енді біреулер, сенде алты аласы, бес бересісі болмаса да, алыс отырып сені табалайды, көре алмайды. Ол сені көре алмай табалайды. Сен оған бір ауыз сөз айтып, тіл тигізбесең де, ол сенің'құлағаныңа, жығылып жатқанына күледі. «Құлан жығылса құлағына құрбақа үймелейді»
  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    Халықты, көпті айыптаудан аулақпын: Бірақ, кейбіреулер сен жоғарылап, өсіп, жақсы боп бара жатсаң аң-таң болады, әй, мынау қайда, қайда бара жатыр деп аяғыңа жармасады, төмен сүйрейді. Ал енді бірі – мынау кім, бізден несі артық, деп, өзінен-өзі күйінеді де, өсек айтады, жала сөздер таратады. Міне, осындай адамдар сенің құлап түскеніңе қуанады.
  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    – Меніңше адамдардың бойындағы жақсы, керекті қасиеттің бірі – жеңілгенін, жығылғанын мойындау болса керек.
  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    «Адам! Өте қызық! Дүниеде бұдан мықты, бұдан қуатты, бұдан жігерлі ештеңе жоқ. Жанды жансызда бұдан асыл зат, бұдан асқан күш және жоқ. Ал сондай күшті нәрсе ет пен сүйектен, қан мен теріден жасалған. Сондықтан да ол кейде нәресте көзіндегідей нәзік, жас шағындай таза. Ол кейде бала сияқты. Не болса содан жасып қалады. Не болса содан көңілі қайтады. Не болса соған ренжиді, болмашы нәрсе үшін қамығады, жапа шегеді. Ал, зәредей нәрседен қуат ап, қайта көтеріледі. Көңілі өсіп, шаттанады»
  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    Дос болу оңай нәрсе емес. Достасушы бір-бірінің бойынан өздеріне лайық, әркім өзіне ұқсаған өзіне тән әйтеуір бір тәуір нәрсе таба білгендіктен де дос болады. Осымен дос бола салайын дегенмен дос болып жараса кету қиын. Мұндай достық ешқашан алысқа барған емес.
  • b0191492807je citiraoprije 2 godine
    «Баланың аты бала, бас бақ емес. Ал баланың да баласы бар. Ең алдымен баланың төрт түрі болады. Бірінші бала – үй баласы, екінші бала – ауыл баласы, үшінші бала – аймақ баласы, төртінші бала, ең жақсы бала – ел баласы. Ел баласы алдымен елдің елдігін ойлар. Өз басының ғана емес, дүниенің басқаға да кеңдігін ойлар. Ел баласы егіз бола бермейді. Ол көбінесе жалқы туады. Өйткені оны халқы туады. Ол елім деп белін буады. Атаның жолын қуады. Ауыл баласын айлалап, аймақ баласын аймалап соңына ертеді. Үй баласы үй күшік, от басында, ошақ қасында қалады...»
fb2epub
Povucite i ispustite datoteke (ne više od 5 odjednom)