bookmate game
kk
Free
Хамза Есенжанов

Ағайынды Жүнісовтер. I

  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Бельгия мемлекетінде жердің тапшылығынан пияз, сәбіз сияқты пайдалы өсімдіктерді үй төбесіне егеді. Біз табиғат берген ен байлықты пайдаланбай келеміз. Сондықтан қазір өкімет ауыл шаруашылығын өркендету ісін қолға алды. Ауылда отырықшылыққа айналдыру, егіншілік кәсібін күшейту басты мақсат болып табылады.
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Әкеңнің қанын төккен де Құныс еді, сенің қаның да осы жауыңның қолынан шашылды. Өзіңнен басқа ешкімің жоқ... Ең болмаса артыңда тұяғың да қалған жоқ, жас қыршын... Дегеніңе жете алмай кеттің, асыл іні. Кеше ғана... жаңа ғана сайрап тұрған тіл күрмелді. Жайнаған көз жұмылды, бақыл бол, інім!..

    Көзіне жас алып көрмеген Әжіғалидың ыстық бұршағы Шынғалиевтің жылап ағып, топыраққа сіңіп жатқан ақ шабдар қанына тамып кетті.
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Тағы не сыр ашпақ? Бар сыр қолында: менің Текеден қару тасуға барған сапарымды, Абылаевты жер соқтырып кеткенін бірінші жолыққанда-ақ алдыма жайған. «Ақметшенің қорасын күзетуден не таптың?»
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Хакім үлкен қызметкер. Беделі күшті, атағы зор, жұрт алдында құрметті адам. Коммунист. Көптен коммунист. Ол он сегізінші жылдан бастап жасырын жұмыстарға араласып, Кеңес үкіметін орнату жолына барын жұмсаған адам. Кедей шаруаға теңдік әперемін деп күні-түн жортқан жан. Қазірде сол көп шаруаның мақсатын көздеп әділ заңын соған жұмсап жатыр. Ол өмірі байдың сөзін сөйлемек емес. Ал «ортақшыл» мен ше? Мен де солай ғой... Онда Ұзақтың айтқаны дәл емес пе?
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Бірақ келетініңізді білдіргенсіз... Сонсоң маған Құнысты тану қиын емес қой. Білесіз бе, он сегізінші жылы июнь айының ішінде Текеден он бір арба қару-жарақ тиеп қайтқаныңызды!.. Ақметшенің қызыл нарларымен.
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    сөзін соза берді.

    — ...Мына анықтамадағы Халима жиырма жаста... Бақы қызы. Ал, анықтамаға түспеген Халима Бақықызы он алтыдан он жетіге қараған, сыртта тұрған бала. Қалай істейді, нағыз қарташы. Нағыз Шыбли . Балта керек болса — балта шығарады, бірақ ол қарғанікі ме, табандікі ме, крестікі ме — белгісіз. Әйтеуір балта, тоғыздықтың үстіне ала бер. Нағыз кәнімгі карташылардың қалайтын, белгілі Шыблидың ақ балтасы.

    Хакім арғы жағын айтпады. Оның шамалаған ойы: тергеушіні жә алдаған, жә оған пара беріп, «жасы жетпеген қызды жасы жеткен етіп ауылсовет документ берген» деген болжал еді. Бұл ете «шебер» істелген
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Сана майданы, салт майданы — оң түтеген соғыс майданынан әлдеқайда қиын, әлдеқайда нәзік.
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Он сегізінші жылы Жанша, Салың, Қуанай, Ақметшелердің хандығын құлатқанда он жыл өткен соң солармен құда түсіп, кит киіп, төрге төсек жайып отыру үшін жан берістік пе?! Ойлау керек емес пе?! Ақметшелермен «жақын», «тума» деген сөзді кейде сырттан кекетіп, кейде көзге айтатынды шығарды жұрт. Совет өкіметіне аңдысын аңдып, тісін басып қана отырған адамдардың заң бақылаушымен қол ұстасқанын халық не деп бағалар? Менің жақтаушым, менің қорғаушым дер ме, әлде басқаша атар ма?.
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Меңдіқыз, сен байқамайсың, ақкөңілдік сенің түбіңе жетеді.
  • b5613392984je citiraoprije 4 godine
    Домбыраның буынған сағағынан құдіретті үн мейманасы асқан өр көкірек судың бұлтпен кеуде соғыстырғанын дүңкілдеткенге ұқсайды;
fb2epub
Povucite i ispustite datoteke (ne više od 5 odjednom)