kk
Free
Сайын Мұратбеков

Жабайы алма

457 tiskanih stranica
Jeste li već pročitali? Kakvo je vaše mišljenje?
👍👎

Dojmovi

  • Abilkair Zhumatayevje podijelio/la dojamprije 8 godina
    🚀Čita se u jednom dahu

    Ең керемет шығармалардың бірі. Іші таза (намазхандарға сәлем), тілі бай. Қарапайым тілмен, жақсы жазылған. Шын қызықтырады. Кеңес беремін

  • b0053566732je podijelio/la dojamprije 5 godina
    👍Vrijedna čitanja
    🚀Čita se u jednom dahu

    Өте жақсы кітап. Қызыға оқыған кезде тіпті кітаптың ішіне кіріп кетердей боласың. Оқысаң, өкінбейсің!!!😻😻😻

  • Aidana Askarbaije podijelio/la dojamprije 8 godina
    🚀Čita se u jednom dahu

    Керемет кiтап. Женил жазылган. "Ары карай не болар екен" деп бас алмай окитындай кiтап десем, артык айтпаймын.

Citati

  • b0773003800je citiraoprije 5 godina
    БІРІНШІ БӨЛІМ
    КӨКІНАЙ
    Тау бөктері тұтасқан жабайы алма болатын. Соғыс жылдары біз, жас балалар, қалың бөргезге қол-аяғымызды қызыл ала жоса ғып жырғызып, ұзақты күнге алмадан алма таңдап, сол бөктерде тентіреп жүруші едік. Қышқылтым ақ алма тістегеніңде мұз шайнағандай қаршылдайтын. Сәлден кейін тісті қамап қалатын да зар қақтырып бастырмай тастайтын. Сонда да жейтінбіз Тапшылықта қабысқан қарынды алмамен болса да істелеп жұбату керек. Ішіміз көгеріп, ауырсына ыңқылдап жататын кезіміз де көп еді. Қоңыр самал соғатын, итмұрын, қарақат, бөргездердің неше алуан иісі аңқитын. Бірақ ақ алманың - жабайы алманың қымыз иісі бәрінен де ерекше еді. Қай жағыңа қарасаң да бұтақтары сынып кетердей боп иіліп, көзді арбаған ақ алма сықасып тұратын. Тістеріміз жарқырап, қашыр-қашыр шайнайтынбыз.
    Кешке қарай өрістен қайтқан малмен бірге, алма толы бір-бір дорба-қоржындарымызды арқалап біз де ауылға бет алатынбыз. Ауылдың желке тұсына жеткенде, жолымыздағы көлденең тұрған жалғыз түп үлкен алып алма ағашты айналып өтеміз. Ірі ақ алмалары жерге түсіп төгіліп жатады. Бірақ біз оған жолай алмаймыз. Өйткені, бұралқы қара қаншық соның түбіндегі үңгірді мекендеп алған, жылда күшіктейді де, бізді мүлде маңайлатпайды. Жақындап кетсек-ақ үңгір түбінен тістері сақылдап, ырылдап, зәре-құтымызды ұшырады. Қарақаншық жайында балалардың арасында рас-өтірігі аралас толып жатқан аңыз-әңгімелер де бар, кейде бірімізден-біріміз білгішсініп асып түсу үшін сол әңгімелерді жарыса айтатынбыз: Қарақаншықтың анасы қыран бүркіт пен құмай тазыдан туған желқұйын тұйғын екен, кезінде бұл төңіректе жортқан төрт аяқты аңнан аң қоймапты, қолтығында қанаты болған көрінеді, ал одан туған Қарақаншық та соғысқа дейін атағы жер жарған тазы екен; иесі Бәсен соғысқа аттанып, әйелі Жайдар көрші аудандағы төркіндеріне көшіп кеткен соң, Қарақаншық далада қаңғып қалып қойған; Жайдар өзімен бірге әкетпек боп қаншама әуреге түскенімен Қарақаншық жат жерге баспай қойыпты, тіпті бір жолы Жайдар әдейілеп іздеп кеп, қаңғып жүрген Қарақаншықты шақырып ап, алдына ыстық тамақ құйып, мойнынан құшақтай отырып жылап, кәдімгі адаммен сөйлескендей оған: «Мұның не, Көкінай-ау, менен неге қашасың? Не жаманшылығымды көрдің? Әлде көшкеніме қарсымысың? Бәсенім аман-есен қайтқан соң, әлі-ақ қайтып келеміз ғой бұл жаққа. Оған дейін бір жерде болайық та»,- деп назын айтыпты, сөйтіп, жіппен байлап жетектеп әкетіпті; бірақ бірер айдан кейін Қарақаншық үйренген жеріне қайта қашып келген екен; иемденгісі келген үйлердің бірде-біріне жоламай, алып алма ағаштың түбіндей ескі үңгірге барып паналапты, өзі алма жеуді үйреніпті, жылда жазда күшіктейді де, күшіктері бауырын көтерген кезде, ауылдың үлкендері жиналып келіп, Қарақаншықты бір шетке жасқап тастап, алдына ас құяды да өздері бір-бір күшіктен үлесіп алып кетеді, сөйтіп, айналасы екі-үш жылдың ішінде ауылдағы иттердің тең жарымы Қарақаншықтың тұқымы боп кетті. Ит жайын жақсы білетін Байдалы шал айтыпты деген бір сөз бар: осы Қарақаншықтың көп күшіктерінің ішінен біреуі ғана тұқымына тартып құмай боп тууы тиіс, ал күшік дұрыс қолға тап келсе жортқан аңды құр жібермейтін нағыз желқұйынның өзі болмақ.
    Біз алым алма ағаштың түбінен әрі-бері өткен сайын: «Көкінай! Көкінай! Кә! Кә!» - деп Қарақаншықтың шын атын атап шақырамыз. Кейде ол үңгірден шығып тұмсығын көтеріп біз жақтан жеткен әуені иіскеп қойып, құйрығын бұлғаңдатады, ал кейде үңгірден тұмсығын бір қылт еткізеді де, қайтып көрінбей қояды.
    Бірде Қарақаншық үш күн қатарынан мүлде көрінген жоқ, із-түзсіз жоғалды. Біз балалар: «Көкінайлап!» - алма ағаштың түбінде қаншама шуылдасып шақырғанымызбен үңгір жақтан еш дыбыс болмады. Ақыры біреулеріміз: «Мүмкін, өліп қалған шығар», екіншілеріміз: «Мүмкін сағынған соң Жайдардың артынан іздеп кеткен шығар» - десіп жорамалдар жасадық. Бірақ үңгірге жақындап, үңіліп қарауға ешқайсымыз батпадық.
    Ертеңіне таңертең алып алма ағаштың түбінен бөктерге қарай өтіп бара жатқанымызда Қарақаншық көзімізге оттай басылып ұшырай кетті. Алма жеп жүр екен. Іші салбырап, біртүрлі аянышты бүрсектейді.
    − Әй, әнең қараңдар, Қарақаншықты!
    − Ой, байғұс-ай, тірі екен-ау!
    − Көкінай, Көкінай! Кә, кә!
    Бұл жолы Қарақаншық дағдысынша әуені иіскеп, құйрығын бұлғаңдатқан жоқ, тістерін ақситып сақ-сақ еткізіп ырылдап қойды. Ашулы тәрізді.
    − Байғұс, ауру болу керек, бүрсектеуін.
    − Жоқ, көрмейсің бе қарнын, емшектерінің салақтауын, осы дәуде болса күшіктеген сияқты.
    − Рас-ей! Күшіктеген.
    − Ур-ра! Қарақаншық күшіктепті! Биылғы күшігінің біреуін ін і аламыз! Ур-ра!
    Онан соң бәріміз жерге шөке түсіп отыра қап, демдерімізді Ішке тартып тың тыңдай бастадық. Үңгір жақтан жас күшіктердің әлсіз ғана шиық-шиық қыңсылағандары естілді. Сол арада дереу үйден қалтамызға салып шыққан азын-аулақ нандарымызды жинап, Қарақаншыққа тастадық. Байғұс, әбден ашыққан екен, көзі қып-қызыл болып «ыр-ыр» етіп нанды қомағайлана асайды.
    Бұл күн біз үшін мейрам болды. Төскейде алма теріп жүріп айтатын екі әңгімеміздің бірі Қарақаншық төңірегінде: соның соғыстан бұрынғы ел аузына тараған алғырлық даңқы жайлы, әрқайсымыздың үйіміздегі оның күшіктері туралы, олардың анасына тартқан кейбір ерек қылықтары туралы айтып тауыса алмаймыз. Бірімізден біріміз асып түскіміз келеді.
    − Байдалы шал айтқан құмайы күшігі меніңше осы жолы туған болу керек,- дейді Сыпатай деген бала білгішсініп.- Өйткені, үш күн бойы көрінбей жатып күшіктеуі тегін емес.
    − Ендеше мен өзім осы жолғы күшіктерінің ішінен таңдап алам.
    − Мен де осы жолғы күшігінен алам.
    − Онда естеріңде болсын, құмайы болатын күшік өте нәзік, әлсіз боп туатын көрінеді.
    − Өй, сен де соғады екенсің.
    − Мен соғып тұрғам жоқ, со Байдалы шалдың айтқаны. Өйткені, күшік нәзік, әлсіз болса кейін желқұйын болуы оп-оңай.
    Өстіп дуылдасып жүріп кештің қалай түскенін де аңғармаппыз. Дорба, қоржындарымызды арқалап ауылға қайттық. Дәл алып алма ағашқа таяғанымызда алдымыздан шаң-шұң айқай, қыз баланың зар қағып жылағаны естілді. Жүгіре басып бәріміз жотаға көтерілдік: алып алма ағаштың түбінде, қолында көк шыбығы бар Сыпатайдың апасы Бүбітай Тоштан деген жетім қызды шырылдатып қуып жүр екен. Тоштан біздерден бірер жас үлкен тұлдыр жетім қыз, шешесі жағынан ағайындас болған соң, Бүбітай оны қолына кіргізіп алған еді. Ертеден кешке дейін үй шаруасын істететін. Міне, сол Тоштан қолында күрегі бар, зар еңіреп қашып жылап жүр.
    − Апатай-ай, апатай... Басқа не айтсаңыз да істейін, бірақ мұныңызды істей алмаймын, апатай... Обал ғой, апатай...- деп жылайды.
    − Мен саған көм деймін, жаман қар! Сүтті ішкізген, нанды жегізген сенсің, енді көм, кәне! Мынау тілімді ала ма-ей, жоқ на?! - деп, көк шыбықпен қызды тартып-тартып қалды.
    − Көмбеймін, апатай! Көмбеймін! Өлтірсеңіз де көмбеймін! - деп Тоштан қолындағы күректі лақтырып тастады да, жаңағы біз келген бөктерге қарай шырқырап қаша жөнелді.
    − Ұстаңдар, ана қарды! Ұстаңдар! - деді Бүбітай соңынан ұмтылып. Біз тегіс дорбаларымызды тастай сала Тоштанның артымнан қуған болдық, бірақ сирағы ұзын қыз жеткізсін бе, лезде қалың бөргездің арасына кіріп адастырып кетті. Оны жер-жебіріне жетіп біраз қарғап, сілеген Бүбітай алып алма ағаштың, түбіне қайта оралып, әлгінде Тоштан лақтырып тастап кеткен күректі алды. Аңтарылып тұрған біздерге, бүгін түсте Қарақаншықтың есік ашық қалған кезде ауыл үйлеріне кіріп бір қазан сүтті ішіп, бір таба нанды жеп кеткенін айтты және бүйте берсе кейін күшіктерінің бәрі ұры боп өсіп, ауылға ұры иттер қаптап кетеді деді.
    − Ондай болса мен ол Қарақаншықтың өзін де өлтіремін,- деп қоқиланды Сыпатай.
    Біз үңгірге жақын келіп үңіліп қарағанбыз: бес-алты жас күшік біріне-бірі ұйлығып ұмар-жұмар боп шиық-шиық қыңсылайды. Қарақаншық бұл маңайдан көрінбеді.
    − Әдіре қалғыр, иесі жоқ қаншықтың күшіктей бергені қайбір жақсылық дейсің,- деп кеп, Бүбітай үңгір аузын күрекпен опырып, ішіне қарай құлата бастады. Үстеріне ауыр кесектер құлаған жас күшіктер жылаған балалардай баж-баж шаңұлдасып қыңсылайды. Бүбітай қарулы әйел еді, алма ағаш түбінің лезде астаң-кестеңін шығарып, үңгірді жермен жексен ғып бітеп тастады. Әуелде қатты қыңсылағандарымен күшіктердің үні де тез өшті. Біз, балалар, бір-бірімізге жаутаңдап қарағанымыз болмаса осының бәрін бастан-аяқ үнсіз бақыладық та тұрдық. Онан соң Бүбітайға еріп, шұбап ауылға қайттық. Ымырт үйіріліп қалған. Артымызға қайырылып қарай береміз.
    − Әне, Қарақаншық келді,- деді бір бала сыбырлай сөйлеп.
    Алып алма ағаштың түбінде жер иіскелеп Қарақаншық жүр екен. Бір-екі рет әлдекімді шақырғандай үріп-үріп қойды, онан соң қыңсылады, жер тырмалап ұлыды.
    Ертеңіне таңертең тұра сап біз - балалар алып алма ағаштың түбіне тартқанбыз. Әуелі алыстау тұрып:
    − Көкінай! Көкінай! Кә! Кә! - деп шақырып көрдік. Бірақ Қарақаншық еш дыбыс бермеді, көрінбеді де. Біз қорқақтай басып үңгірге таяп келдік: кешегі Бүбітай көміп, тегістеп кеткен үңгір қайта қазылып, іштегі топырағы қобырап сыртқа шығып қапты. Жақын кеп үңілдік: бірде-бір күшік көрінбеді. Сірә, Қарақаншық әлі де болса күшіктерін басқа жаққа қазып әкеткен сияқты. Төңіректі тегіс шарлап, кешке дейін іздеп көрдік, бірақ Қарақаншықты да, оның өлі күшіктерін де таба алмадық.
    Қарақаншық со күйі ұшты-күйлі жоғалды. Біз біраз уақытқа дейін сөз қылып жүрдік те, кейін ұмыта бастадық. Алып алма ағаштың алмасы өзімізге қалды. Үйден шыға саламыз да, күні бойы соның түбінде боламыз, асық ойнаймыз, онан қала берсе үңгірді кеңейтіп, түбіне сабан төсеп үйшік жасаймыз.
    Күзге қарай алып алма ағаштың ақ алмасы сарғылданып, уылжып пісе бастады. Қанша жесең де тісіңді қармамайды. Дорбаға толтырып үйге әкелгеніңше езіліп кетеді. Ортасынан тіліп, жіпке тізіп қақ жасаймыз. Ауыл балалары тегіс жиналып күнде тасимыз алманы. Аз күннің ішінде алма ағаштың алмасы тек биіктегі бұталарының ұшар бастарында ғана қалды. Созсаң қол жетпейді, сілкісең түспейді. Басқа алмалар сарғылданып піскенде, әлгі биіктегі алмалардың бір бүйірлері шиқандай боп қызарып, көздің жауын алады. «Шіркін-ай!» - деп аузымыздың суы құрып қызығамыз. Бір күні Сыпатай сол ұшар биіктегі қызыл алмаларды алам деп, тоқтау айтқанымызға бой бермей, алып алма ағаштың төбесіне өрмелеп шықты. Қызыл алмаларға жетіп, енді қол соза бергенде, аяғын тіреп тұрған бұтақ сынып кетіп, төмен қарай құлап түсті. Балалар шу ете қалдық. Жүгіріп жанына барсақ, көкпеңбек боп, тыныстай алмай бүгжиіп қапты. Бір-екі бала аттандап ауылға қарай жүгірді. Ағыл-тегіл еңіреп Бүбітай жетті. Баласын жерден көтеріп алған, былқ-сылқ етіп ыңыранғаны болмаса тілге келмеді.
  • Асхат Алдашевje citiraoprije 5 godina
    өзің ақымақ, әрі қорқақ болсаң жауыз болуың да оп-оңай, тек бастаушың болсын.
  • b8639940348je citiraoprije 5 godina
    «Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағына ойнақ салар» деген осы екен-ау,- десті.

Na policama za knjige

fb2epub
Povucite i ispustite datoteke (ne više od 5 odjednom)